Nokia Lumia 1320 - Желі қызметтері мен бағалары

background image

Желі қызметтері мен бағалары

Kұрылғыңызды тек LTE 800, 1800, 2600 МГц желілері, WCDMA 850, 900, 2100 МГц желілері және GSM 850, 900, 1800, 1900

МГц желілері желілерінде пайдалануға болады. Қызмет провайдеріне жазылуыңыз қажет.
Кейбір мүмкіндіктерді пайдалану және мазмұнды жүктеп алу үшін желілік байланыс қажет болады және деректер үшін ақы

алынуы мүмкін. Сондай-ақ, кейбір мүмкіндіктерге жазылуыңыз қажет болуы мүмкін.

Маңызды: Желілік қызмет провайдеріңіз немесе саяхаттап жүргенде қызметін пайдаланып жүрген провайдеріңіз

4G/LTE стандартын қолдамауы мүмкін. Мұндай жағдайларда, қоңыраулар шалуға немесе қабылдауға, хабарлар

жіберуге немесе қабылдауға, не болмаса мобильді деректер байланыстарын пайдалануға мүмкіндік болмауы

мүмкін. 4G/LTE қызметі толық көрсетілмеген кезде құрылғының мінсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін, ең жоғарғы

байланыс жылдамдығын 4G стандартынан 3G етіп өзгертуге кеңес беріледі. Бұны істеу үшін бастау экранында солға

қарай жанап өтіп, Параметрлер > ұялы параметрін түртіңіз. Ең жоғары байланыс жылдамдығы параметрін 3G

күйіне ауыстырыңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін, желілік қызмет провайдеріне хабарласыңыз.