
Батарея мен зарядтағыш туралы ақпарат
Бұл құрылғы ішке орнатылған, ажыратылмайтын зарядталатын батареямен жабдықталған. Батареяны ажыратуға
тырыспаңыз, құрылғыны зақымдауыңыз мүмкін. Батареяны ауыстыру үшін құрылғыны ең жақын орналасқан қызмет
көрсету орталығына апарыңыз.
Құрылғыны AC-60E немесе AC-60X зарядтағышымен зарядтаңыз. Зарядтағыш штекері басқаша болуы мүмкін.
IEC/EN 62684 стандартына сәйкес келетін және құрылғының шағын USB ұясына жалғауға болатын үшінші тараптың
зарядтағыштары да үйлесімді болуы мүмкін.
Nokia бұл құрылғы үшін қосымша батарея немесе зарядтағыш үлгілерін жасауы мүмкін.
© 2014 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.
126

Батареяны жүздеген мәрте зарядтап, зарядсыздандыруға болады, бірақ ол ақыры тозады. Сөйлесу және күту режимдерінің
уақыты қалыпты уақыттан айтарлықтай қысқарғанда, батареяны ауыстыру үшін құрылғыны ең жақын орналасқан қызмет
көрсету орталығына апарыңыз.