Nokia Lumia 1320 - Досыңыздың телефонына Bluetooth арқылы қосылу

background image

Досыңыздың телефонына Bluetooth арқылы қосылу
Bluetooth функциясын досыңыздың телефонына сымсыз түрде қосылуға, фотосуреттер және

тағы басқаларды ортақтасуға пайдаланыңыз.
1. Бастау экранында солға қарай жанап өтіңіз де, Параметрлер > Bluetooth опциясын түртіңіз.

2. Екі телефонда да Bluetooth қосулы екендігін тексеріңіз.

3. Телефондардың екеуі де бір-біріне көретінін тексеріңіз. Телефоныңыз басқа телефондарға

көрінуі үшін Bluetooth параметрлері көрінісінде болуыңыз қажет.

4. Ауқым ішіндегі Bluetooth телефондарын көруге болады. Қосылу үшін қажетті телефонды

түртіңіз.

5. Егер екінші телефонға рұқсат коды қажет болса, рұқсат кодын теріңіз немесе алыңыз.

© 2014 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.

115

background image

Рұқсат коды тек бір нәрсеге алғаш рет қосылғанда пайдаланылады.