Nokia Lumia 1320 - Жоғалған телефонды табу

background image

Жоғалған телефонды табу
Телефоныңызды жоғалтып алдыңыз ба, әлде ұрлатып алдым деп қорқасыз ба? Телефонды табу,

қашықтан ондағы барлық деректерді құлыптау немесе жою үшін, телефонымды іздеу опциясын

пайдаланыңыз.
Телефонда Microsoft есептік жазбасы болуы керек.
1. Компьютерде www.windowsphone.com торабына өтіңіз.

2. Телефондағыдай бірдей Microsoft есептік жазбасымен кіріңіз.

3. телефонымды іздеу опциясын таңдаңыз.
Келесі әрекеттерді жасауға болады:
• телефонды картадан табу;
• дыбыссыз режимде болса да, телефонды шырылдату;
• телефонды құлыптап, өзіңізге қайтарылуы үшін хабар көрсететін етіп орнату;
• қашықтан телефондағы барлық деректерді жою.
Пайдалануға болатын опциялар әр түрлі болуы мүмкін.

Кеңес: Телефонды бірнеше сағат сайын өз орнын автоматты түрде сақтайтын етіп

орнатыңыз. Егер телефоныңыздың батареясы отырса, оның соңғы сақтаған орнын көре

аласыз. Бастау экранында солға қарай жанап өтіңіз де, Параметрлер > телефонымды

іздеу опциясын түртіңіз.