Рұқсат кодтары
Телефондағы түрлі кодтар не үшін қажет?
PIN код
(4-8 сан)
SIM картасын рұқсатсыз пайдаланудан
қорғайды немесе кейбір мүмкіндіктерге қол
жеткізу үшін қажет.
Телефонды қосылғанда PIN кодын сұрайтын
етіп орнатуға болады.
© 2014 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.
120
Егер картамен бірге берілмесе немесе кодты
ұмытсаңыз, желі қызметінің провайдеріне
хабарласыңыз.
Кодты қатарынан 3 рет қате енгізсеңіз, кодтың
тыйымын PUK кодымен алу қажет болады.
PUK
Бұл PIN кодты ашу үшін қажет.
Егер SIM картасымен берілмесе, желі
қызметінің провайдеріне хабарласыңыз.
Қауіпсіздік коды (құлыптау коды, құпиясөз)
(кемінде 4 сан)
Бұл әрекет телефонды рұқсатсыз
пайдаланудан қорғайды.
Телефонды сіз анықтаған құлыптау кодын
сұрайтын етіп орнатуға болады.
Кодты құпия әрі телефоннан бөлек сенімді
жерде сақтаңыз.
Кодты ұмытып, телефоныңыз құлыптанатын
болса, телефоныңызға қызмет көрсету қажет
болады. Қосымша ақы алынуы мүмкін және
бүкіл жеке деректеріңіз телефоныңыздан
жойылуы мүмкін.
Қосымша ақпарат алу үшін, Nokiа Care
орталығына немесе телефон дилеріне
хабарласыңыз.
IMEI
Бұл желідегі телефондарды анықтау үшін
қолданылады. Сондай-ақ, нөмірді Nokia Care
қызметтеріне беруіңіз қажет болуы мүмкін.
IMEI нөмірін көру үшін *#06# санын теріңіз.
© 2014 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.
121