
Жылдамдығы жоғары байланысты пайдалану
Желі байланыстарының ең үздігін неге жасамасқа? Қол жетімді болғанда және телефон арқылы
қолдау көрсетілгенде 4G байланысын пайдаланыңыз.
1. Бастау экранында солға қарай жанап өтіңіз де, Параметрлер > ұялы опциясын түртіңіз.
2. Ең жоғары байланыс жылдамдығы параметрін 4G күйіне ауыстырыңыз.
Кеңес: Телефонды 4G қол жетімсіз аймақта пайдалану кезінде 3G күйіне ауыстырыңыз. Бұл,
сондай-ақ, батареяның қызметін ұзартуға көмектеседі, өйткені телефоныңыз 4G желісіне
қажетсіз қосылуға әрекеттенбейтін болады.
Кеңес: Сондай-ақ, желілерді қолмен де таңдауға болады. Желіні таңдау опциясын түртіңіз.