Nokia Lumia 1320 - Микс радиосыңызды дербестеу

background image

Микс радиосыңызды дербестеу

Өз талғамыңызға сай бейімделген жанр микстерін тыңдау үшін музыка профилін жасауға болады.

Профиліңіз автоматты түрде телефонда немесе компьютерде бар музыкадан жинақталады.
1. Бастау экранында солға қарай жанап өтіңіз де, Nokia Музыка > микс жасау опциясын

түртіңіз.

2. Келесі Дербестеу опциясына қарай жанап өтіңіз де, музыка профилін жасау опциясын түртіңіз.

Музыка топтамасының мәліметтері тексеріліп, музыка қызметіне жүктеп салынады.

3. Компьютердегі музыканы сканерлеу үшін

> компьютерді тексеру опциясын түртіп,

нұсқауларды орындаңыз.

4. Миксті ойнату үшін опциясын түртіңіз.

Кеңес: Барлық жанрларды көру үшін соңғы кескіндерге жанап өтіңіз.

Бұл қызмет әр елде және аймақта бола бермеуі мүмкін.

© 2014 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.

99