Телефонды оңай пайдалану
Кішкентай мәтінмен немесе күңгірт суреттермен күресудесіз бе? Қаріптерді үлкенірек және
экранды қарауды оңайырақ етіңіз. Сондай-ақ, телетайп бар телефонды пайдалануға болады
(TTY/TDD).
1. Бастау экранында солға қарай жанап өтіңіз де, Параметрлер опциясын түртіңіз.
2. арнайы мүмкіндіктер опциясын түртіңіз.
Қаріп өлшемін өзгерту
Мәтін өлшемі слайдерін сүйреңіз.
Жоғары контрастты қосу
Жоғары контраст параметрін Қосулы
күйіне ауыстырыңыз.
Экранды үлкейту
Экран ұлғайтқыш опциясын Қосулы
күйіне ауыстырыңыз да, экранды 2 саусақпен екі рет
түртіңіз. Үлкейткіш әйнекті пайдалану кезінде экран айналасында жылжыту үшін 2 саусақты
пайдаланыңыз. Үлкейтуді тоқтату үшін экранды 2 саусақпен екі рет түртіңіз.
© 2014 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.
30
Телефонды TTY/TDD көмегімен пайдалану
TTY/TDD режимі параметрін толық күйіне ауыстырыңыз.
Қол жетімді TTY/TDD режимдері желі қызметінің провайдеріне байланысты басқаша болуы
мүмкін.