
Сенсорлы экранды пайдалану
Түрту, сырғыту немесе сүйреу әрекетімен телефонды зерттеңіз.
1. Телефонды пайдалану үшін сенсорлы экранды жай ғана түртіңіз немесе түртіп ұстап тұрыңыз.
2. Басқа параметрлерді ашу үшін мәзір ашылғанша, саусағыңызды элементке қойыңыз.
Кеңес: Телефонды қолғап киіп тұрғанда да пайдалануға болады. Бастау экранында солға
қарай жанап өтіңіз де, Параметрлер > сенсор опциясын түртіп, Cенсор сезімталдығы
параметрін жоғары күйіне ауыстырыңыз.
Мысал: Қолданбаны немесе басқа элементті ашу үшін қолданбаны немесе элементті
түртіңіз. Күнтізбедегі кездесуді өзгерту немесе жою үшін, кездесуді түртіп, ұстап тұрыңыз
да, тиісті параметрді таңдаңыз.
Түртіп, ұстап тұрып элементті сүйреу
Саусақты элементке бірнеше секундқа қойып, саусақты экран арқылы сырғытыңыз.
© 2014 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.
28

Жүргізіп өту
Экранға саусағыңызды қойып, оны қалаған бағытта сырғытыңыз.
Мысал: Мысалы, бастау экраны мен қолданбалар мәзірі арасында немесе орталықтардың
ішіндегі әр түрлі көріністер арасында солға не оңға жанап өтіңіз. Ұзақ мәзірде немесе тізімде
жылдам жылжу үшін, саусағыңызды жылдам қозғалта отырып экран бойымен жоғары не
төмен сырғытыңыз да, көтеріп қалыңыз. Жылжуды тоқтату үшін экранды түртіңіз.
Үлкейту және кішірейту
Карта, сурет немесе веб-бет сияқты элементке 2 саусақты қойып, саусақтарды ажырата немесе
жақындата сырғытыңыз.
© 2014 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.
29

Маңызды: Сенсорлы экран бетінің сызылуына жол бермеңіз.
Кеңес: Телефонды 90 градусқа бұрған кезде экран автоматты түрде айналады. Экранды
ағымдағы күйде құлыптау үшін бастау экранында сол жаққа жанап өтіп, Параметрлер >
экранды бұру опциясын басыңыз. Автоматты бұру экраны параметрін Өшірулі
күйіне
қойыңыз.