Nokia Lumia 1320 - Телефоныңызбен танысу

background image

Телефоныңызбен танысу

Телефоныңызда не болып жатқанын біліп отыруды оңайлататын екі көрініс бар.

Бастау экраны мен бағдарламалар мәзірі арасында ауысу үшін жай ғана солға және оңға жанап

өтіңіз.
Бастау экраны: Анимациялы динамикалық қатарлар қабылданбаған қоңыраулар мен

қабылданған хабарларды, соңғы жаңалықтар мен ауа райы болжамдарын және т.б. көрсетеді.
Қатарлардың ретін және өлшемін өзгертуге және контактілер, бағдарламалар, арналар, пошта

жәшіктері, веб-тораптар мен басқа да таңдаулыларды түйреп қоюға болады. Түйреп қойылған

контактілерді жаңарту қатарда көрсетіледі, контактілердің толық мәліметтерін тікелей басты

экраннан көруге болады.
Бағдарламалар мәзірі: Бұл жерде барлық бағдарламалар рет-ретімен тізімде берілген.
Бағдарламаларыңыз көп пе? Біреуін тауып алып, опциясын түртіңіз.
Осы құрылғының ішіндегі бағдарламалық құралдың құрамында Nokia тарапынан

лицензияланған Microsoft Corporation немесе оның байланысты тұлғаларының бағдарламалық

құралдары бар. Windows Phone бағдарламалық құралының лицензия шарттарын көру үшін,

Параметрлер > туралы опциясын таңдаңыз. Шарттарды оқып шығыңыз. Бағдарламалық

құралды пайдалану арқылы шарттарды қабылдайтыныңызды ескеріңіз. Шарттарды

қабылдамайтын болсаңыз, құрылғыны немесе бағдарламалық құралды пайдаланбаңыз. Қайтару

саясатын анықтау үшін, Nokia корпорациясына немесе құрылғы сатып алынған жерге

хабарласыңыз.

© 2014 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.

26