Құлыптау экранын дербестеу
Құлыптау экранын бірегей көрсету қажет пе? Мысалы, фонда жеке таңдаулы фотосуретіңізді
қоюға болады.
Бастау экранында солға қарай жанап өтіңіз де, Параметрлер > құлып экран опциясын түртіңіз.
Кеңес: Құлыптау экранында қабылданбаған қоңыраулар немесе жаңа хабарлар сияқты
бағдарлама хабарландыруларының қайсысын көргіңіз келетінін шешуіңізге болады. Жай
ғана хабарландыру ұясын түртіп, қосылатын бағдарламаны таңдаңыз.
Фон фотосуретін өзгерту
фотосуретті ауыстыру опциясын түртіп, фотосуретті таңдаңыз, оны шақтау үшін реттеңіз де,
опциясын түртіңіз.
Кеңес: Сондай-ақ, құлыптау экранында фотосуреттерді Bing қызметінен кездейсоқ ретпен
көрсетуге болады. Фон параметрін Bing күйіне ауыстырыңыз.
Музыканы ойнату кезінде орындаушыны көрсету
Музыканы ойнатқан кезде орындаушыны көрсету параметрін Қосулы
күйіне қойыңыз.