Nokia Lumia 1320 - Пернетақтаның сөз ұсыныстарын пайдалану

background image

Пернетақтаның сөз ұсыныстарын пайдалану
Жазып жатқанда, телефоныңыз жылдам әрі дәлірек жазу көмегі ретінде сөздер ұсынады. Сөз

ұсыныстары бірнеше тілде қол жетімді.
Сөзді теріп бастағанда, телефоныңыз ықтимал сөздерді ұсынады. Қажетті сөз ұсыныс жолында

көрсетілгенде сөзді таңдаңыз. Көбірек ұсыныстарды көру үшін, солға қарай жанап өтіңіз.

Кеңес: Ұсынылған сөз қалың қаріппен белгіленсе, телефон оны жазылған сөзді алмастыру

үшін автоматты түрде пайдаланады. Егер сөз қате болса, түпнұсқа сөзді және шамалы басқа

ұсыныстарды көру оған түртіңіз.

Сөзді түзету

Егер сөзді қате жазғаныңызды байқасаңыз, сөзді түзетуге арналған ұсыныстарды көру үшін оған

түртіңіз.
Сөздікке жаңа сөзді қосу

Қажет сөз сөздікте болмаса, оны түртіңіз де, ұсыныс жолындағы қосу белгісін (+) түртіңіз. Жаңа

сөздерді бірнеше рет жазғанда, телефоныңыз оларды да үйреніп алады.

Сөз ұсыныстарын өшіру

Бастау экранында солға қарай жанап өтіңіз де, Параметрлер > пернетақта опциясын түртіңіз.

Тіл пернетақтасын түртіңіз де, Мәтінді ұсыну құсбелгісін алып тастаңыз.