Nokia Lumia 1320 - Батареяның жарамдылық мерзімін ұзарту

background image

Батареяның жарамдылық мерзімін ұзарту

Батарея зарядын қажетінше жұмсап, телефонды барынша қолданыңыз. Телефон қуатын үнемдеу

үшін орындауға болатын қадамдар бар.
Қуатты үнемдеу үшін мына әрекеттерді орындауға болады:

Тиімді зарядтау

Батареяны әрдайым толық зарядтаңыз.

Қажетті дыбыстарды ғана таңдау

Түйме басылғанда шығатын дыбыстар сияқты

қажетсіз дыбыстарды өшіріңіз.

Сымды құлақаспапты пайдалану

Дауыс зорайтқыштардың орнына сымды

құлақаспаптарды пайдаланыңыз.

Батарея қуатын үнемдеуді пайдалану • Телефонды батареяның заряды азайғанда

автоматты түрде қуатты үнемдейтін етіп орнатуға

болады. Батареяның күйін тексеру және батарея

қуатын үнемдеу режимін қосу үшін бастау

экранында солға қарай жанап өтіңіз де,

Параметрлер > батарея қуатын үнемдеу опциясын

түртіңіз.
Телефон батарея қуатын үнемдеу режиміне

қойылғанда, барлық бағдарламалардың

параметрлерін өзгерту мүмкіндігі болмауы да

ықтимал.

• Батарея қуатын үнемдеу режимінің қосылатын

уақытын таңдауға болады. кеңейтілген опциясын

түртіңіз.

Телефон экраны параметрлерін

өзгерту

• Қысқа уақыттан кейін өшетіндей телефон экранын

орнатыңыз. Бастау экранында солға қарай жанап

өтіңіз де, Параметрлер > құлып экран >

Экранның өшу уақыты опциясын түртіңіз.

• Тек қажет болған кезде телефонды ояту үшін қос

түртуді пайдаланыңыз. Мүмкіндікті өшіру үшін

бастау экранында солға жүгіртіңіз,

Параметрлер > сенсор басыңыз және Телефонды

қолдану үшін екі рет түртіңіз режимінен Өшірулі

режиміне ауыстырыңыз.

Экран жарықтығын азайту

• Бастау экранында солға қарай жанап өтіңіз де,

Параметрлер > жарықтық опциясын түртіңіз.

Автоматты түрде реттеу параметрі Өшірулі

© 2014 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.

38

background image

күйіне ауыстырылғанын тексеріңіз. Деңгей

опциясын төмен күйіне ауыстырып, Автоматты

түрде реттеу опциясын Қосулы

күйіне

ауыстырыңыз.

• Батарея қуатын үнемдеу қосулы тұрғанда, экран

ашықтығын төмендету үшін бастау экранында

солға қарай жанап өтіңіз де, Параметрлер >

дисплей опциясын басыңыз және Батарея

үнемдегіш жарықтығы күйін Қосулы

күйіне

ауыстырыңыз.

Фонда бағдарламалар қосылуын

тоқтату

• Пайдаланылмай тұрған қолданбаларды жабыңыз.

Бағдарламалардың көпшілігін жабу үшін

пернесін басыңыз.

• Кейбір бағдарламалар фонда бекер қосылып

тұруы мүмкін. Бастау экранында солға қарай жанап

өтіңіз де, Параметрлер опциясын түртіп,

бағдарламалар күйіне ауыстырыңыз, одан кейін

фондық тапсырмалар опциясын түртіңіз.

Құлыптайтын бағдарламаны және блоктау

опциясын түртіңіз.

Орналасқан жер қызметтерін таңдап

пайдалану

Орналасқан жер қызметтерін қосқыңыз келсе, бірақ

тіркелу қызметтерін пайдаланғыңыз келмесе, бастау

экранында солға қарай жанап өтіңіз және

Параметрлер опциясын басыңыз. бағдарламалар

күйіне ауыстырыңыз, адамдар опциясын басыңыз

және Орнымды пайдалану күйін Өшірулі

күйіне

ауыстырыңыз.

Желілік қосылымдарды таңдап

пайдалану

• Телефонды жаңа хаттарды сиректеу немесе тіпті

тек сұрау бойынша тексеретін етіп орнатыңыз.

Сізде бар әрбір пошта жәшігінде

>

параметрлер > параметрлерді синхрондау

опциясын түртіп, Жаңа мазмұнды жүктеу

опциясын өзгертіңіз.

• Bluetooth мүмкіндігін тек қажет болғанда қосыңыз.
• Мобильді деректер қосылымынан гөрі интернетке

қосылу үшін Wi-Fi қосылымын пайдаланыңыз.

Кеңес: Телефон экраны өшірулі кезде де Wi-

Fi қосылымын сақтау үшін сол жаққа өтіп,

Параметрлер > Wi-Fi > кеңейтілген

опциясын түртіп, Экранның күту уақыты

аяқталған кезде, Wi-Fi желісін қосулы

қалдырыңыз құсбелгісін түртіңіз.

© 2014 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.

39

background image

• Телефонның бар сымсыз желілерді іздеуін

тоқтатыңыз. Бастау экранында солға қарай жанап

өтіңіз де, Параметрлер > Wi-Fi опциясын түртіп,

Wi-Fi желісі опциясын Өшірулі

күйіне

ауыстырыңыз.

• Телефонның ойындарға қосылуын тоқтатыңыз.

Бастау экранында солға қарай жанап өтіңіз де,

Параметрлер опциясын түртіп, бағдарламалар

опциясына қарай жанап өтіңіз де, ойындар

опциясын түртіп, барлық қатысты параметрлерді

өшіріңіз.

• Музыка тыңдап немесе телефонды басқаша

пайдаланып жатсаңыз, алайда қоңырау шалғыңыз

немесе қабылдағыңыз келмесе, ұшақ режимі

режимін қосыңыз.