Drive көрінісін өзгерту
HERE Drive мүмкіндігін түнде пайдаланып жүрсіз бе? Күндіз және түнгі режимдерімен экранды
әрдайым анық көруге болады. Қажеттіліктерге сай басқа параметрлерді де өзгертуге болады.
HERE Drive опциясын түртіңіз.
1. Экранның төменгі жағынан жоғары қарай жанап өтіп, Параметрлер > Карта опциялары
тармағын түртіңіз.
2. Түстер параметрін Түнгі күйіне ауыстырыңыз. Қараңғы түскенде түнгі режим автоматты түрде
қосылуы үшін Автоматты опциясын түртіңіз.
Картадан жанармай станциялары және демалыс аймақтары сияқты жерлерді көрсету
Экранның төменгі жағынан жоғары қарай жанап өтіп, Параметрлер > Карта опциялары >
Картадан көрсету опциясын түртіңіз және орын санаттарын қосыңыз немесе өшіріңіз.
Қалған уақыт пен жету уақытының көрінісі арасында ауысу
Навигация көрінісінде жету уақытын басып тұрып, опцияны түртіңіз.
© 2014 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.
91
Биік ғимараттар мен назар аударарлық жерлерді жасыру
Экранның төменгі жағынан жоғары қарай жанап өтіп, Параметрлер > Карта опциялары тармағын
түртіңіз де, Меж. белг. параметрінен
параметріне ауысыңыз.