Nokia Lumia 1320 - Фотосурет түсіру

background image

Фотосурет түсіру
Үшкір және ашық суреттерге түсіру - фотосурет альбомына айқын және анық фотосуреттерді

түсіріңіз.
1. Камераны қосу үшін камера пернесін басыңыз.

2. Үлкейту немесе кішірейту үшін экранға 2 саусағыңызды қойып, саусақтарыңыздың арасын

ашыңыз немесе қосыңыз.

3. Фокусқа алу үшін камера пернесін жартылай басып тұрыңыз.

4. Фотосуретке түсіру үшін фотокамера пернесін толық басыңыз.

Кеңес: Бір сәтті жылдам түсіру қажет пе? Телефон құлыптаулы кезде камераны қосу үшін

камера пернесін бірнеше секунд бойы басып тұрыңыз.

Жарқылдың қауіпсіз шығуы арақашықтығын ұстаныңыз. Суретке түсіру кезінде адамдарға

немесе жануарларға жарқылды жақындатпай қолданыңыз. Фотосурет түсіру кезінде жарқылды

жаппаңыз.
Жаңа ғана түсірген фотосуретті көру үшін оңға қарай жанап өтіңіз. Фотосуреттер Фотосуреттер

орталығындағы Камера альбомы ішінде сақталады.
Камера пернесін пайдаланбай фотосуретке түсіру

Белгілі бір затты немесе аймақты фокусқа алу үшін, сол заттың немесе аймақтың экрандағы

көрінісін түртіңіз. Ақ шаршы жыпылықтауын тоқтатқанша телефонды қозғалтпай ұстап тұрыңыз.

© 2014 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.

70