
Компьютерді интернетке қосу
Тасымалы компьютерде интернетті пайдаланғыңыз келгенімен, қол жеткізе алмай отырсыз ба?
Телефонның мобильді деректер байланысын тасымалы компьютермен немесе басқа
құрылғылармен пайдалануға болады. Сосын Wi-Fi байланысы жасалады.
1. Бастау экранында солға қарай жанап өтіңіз де, Параметрлер > интернетті ортақ
пайдалану опциясын түртіңіз.
2. Ортақ пайдалану параметрін Қосулы күйіне ауыстырыңыз.
3. Байланыс атын өзгерту үшін реттеу > Таратылатын атау опциясын түртіп, бір атты жазыңыз.
Кеңес: Сондай-ақ, байланыстың құпия сөзін де енгізуге болады.
4. Екінші құрылғыдағы байланысты таңдаңыз.
© 2014 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.
93

Екінші құрылғы деректер жоспарыңыздағы деректерді пайдаланып, нәтижесінде деректер
трафигі үшін ақы алынуы мүмкін. Қолжетімділік және құны туралы ақпаратты желілік қызмет
провайдерінен алыңыз.