Nokia Lumia 1320 - Интернет байланыстарын анықтау

background image

Интернет байланыстарын анықтау

Желі қызметінің провайдері деректер тасымалы үшін бекітілген ақы алуы немесе

пайдаланғаныңызға қарай ақы алады ма? Роуминг және үйде болған кезде деректер құндарын

төмендету үшін Wi-Fi және ұялы деректер параметрлерін өзгертіңіз.

Маңызды: Wi-Fi байланысының қауіпсіздігін арттыру үшін, шифрлауды пайдаланыңыз.

Шифрлауды қолдану басқалардың сіздің деректеріңізге қол жеткізу қаупін азайтады.

Wi-Fi байланысы әдетте мобильді деректер байланысынан жылдамырақ әрі арзандау болады.

Wi-Fi байланысы да, мобильді деректер байланысы да бар болса, телефон Wi-Fi байланысын

пайдаланады.
1. Бастау экранында солға қарай жанап өтіңіз де, Параметрлер > Wi-Fi опциясын түртіңіз.

2. Wi-Fi желісі параметрі Қосулы

күйіне ауыстырылғанын тексеріңіз.

3. Пайдаланылатын байланысты таңдаңыз.
Мобильді деректер байланысын пайдалану

Бастау экранында солға қарай жанап өтіңіз де, Параметрлер > ұялы опциясын түртіп,

Деректер байланысы параметрін қосулы күйіне ауыстырыңыз.
Роумингте мобильді деректер байланысын пайдалану

Роумингте, әсіресе шет елде жүргенде, Интернет байланысын орнатса, деректер үшін алынатын

ақы едәуір көтерілуі мүмкін.
Деректер роумингі — телефонмен деректерді қызмет провайдерінің иелігінде болмаған немесе

ол істетпейтін желі арқылы алу.
Бастау экранында солға қарай жанап өтіңіз де, Параметрлер > ұялы опциясын түртіп,

Деректер роумингі параметрлері параметрін роумингке қосылу күйіне ауыстырыңыз.