iPhone құрылғысынан фотосурет, бейне мен музыканы тасымалдау
Фотосуреттер мен бейнелерді iPhone телефонынан компьютерге тасымалдап, содан кейін Nokia
Lumia құрылғысына сүйреп апарыңыз. Фотосуреттер мен бейнелерді оңай тасымалдау
үшінSkyDrive опциясын да пайдалануға болады. Музыканы да тасымалдау керек болса, Windows
Phone бағдарламасын қолданыңыз.
1. iPhone құрылғысын компьютеріңізге үйлесімді USB кабелімен жалғаңыз.
2. Фотосуреттер мен бейнелерді компьютерге тиісті бағдарламалық құралмен жылжытыңыз,
мысалы Windows 7 компьютеріндегі AutoPlay бағдарламасы.
3. Nokia Lumia құрылғысын компьютерге жалғаңыз. Телефон компьютеріңізде бөлек диск
ретінде көрсетіледі.
4. Элементтерді компьютерден телефонның Суреттер және Бейнелер ішіндегі қажетті ішкі
қалталарға сүйреп апарыңыз.
Элементтерді тиісті ішкі қалталарға көшіру керек, әйтпесе оларды телефоныңызда көре
алмауыңыз мүмкін.
Кеңес: Фотосуреттер мен бейнелерді синхрондау үшінSkyDrive опциясын да пайдалануға
болады. iPhone телефонында Mac App дүкеніненSkyDrive бағдарламасын жүктеп алып,
орнатқаннан кейін фотосуреттер мен бейнелерді SkyDrive ішіне сақтаңыз. Nokia Lumia
© 2014 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.
20
телефонында Microsoft есептік жазбасымен SkyDrive жүйесіне кірсеңіз, фотосуреттер мен
бейнелер Nokia Lumia құрылғысына автоматты түрде тасымалданады.
Кеңес: Фотосурет, бейне мен музыканы Windows Phone бағдарламасымен iTunes арқылы
да тасымалдауға болады. Ең соңғы нұсқаны жүктеп алып, компьютерге орнату үшін
www.windowsphone.com торабына өтіңіз. Егер компьютеріңіз Mac болса, Windows Phone
қолданасын Mac App Store қызметінен жүктеп алыңыз. Windows Phone бағдарламасында
тасымалданатын файлдарды таңдаңыз.