Nokia Lumia 1320 - iPhone құрылғысынан контактілер мен күнтізбені тасымалдау

background image

iPhone құрылғысынан контактілер мен күнтізбені тасымалдау

Контактілер мен күнтізбені iTunes көмегімен iPhone телефонынан Outlook бағдарламасына

синхрондаңыз да, оларды Nokia Lumia телефонына Microsoft есептік жазбасының көмегімен

тасымалдаңыз.
Компьютерде iTunes және Microsoft Outlook Hotmail Connector бағдарламалары орнатылған

болуы керек. Microsoft Outlook Hotmail Connector бағдарламасын орнату үшін,

www.office.microsoft.com сайтына өтіп, "Hotmail Connector" сөзін іздеңіз де, оны компьютерге

жүктеңіз. Hotmail Connector параметрлерін реттеу керек болуы мүмкін.
1. iTunes бағдарламасын ашыңыз.

2. iPhone құрылғысын компьютеріңізге үйлесімді USB кабелімен жалғаңыз.

3. Қажетті мазмұнды iPhone құрылғысынан Outlook бағдарламасына синхрондаңыз.

4. Outlook бағдарламасында Microsoft Outlook Hotmail Connector көмегімен Microsoft есептік

жазбасын Outlook бағдарламасына қосыңыз.

5. Қажетті мазмұнды Outlook бағдарламасынан Microsoft есептік жазбасына синхрондаңыз.
Мазмұн Microsoft есептік жазбасында пайда болғанша біршама уақыт өтуі мүмкін.
6. Телефоныңызда Microsoft есептік жазбасы орнатылмаған болса, Nokia Lumia құрылғысына

мазмұн тасымалдау үшін, бастау экранында сол жаққа сипап, Параметрлер > эл. пошта

+есептік жазба > есептік жазба қосу тармағын түртіңіз, одан кейін экрандағы нұсқауларды

орындай отырып, Microsoft есептік жазбасын жасаңыз.