Outlook ақпаратын Android телефонынан тасымалдау
Outlook контактілерін, күнтізбе жазбаларын және істерді Android телефонынан Nokia Lumia
телефонына тасымалдау үшін, Microsoft есептік жазбасын қолданыңыз.
1. Android телефонын компьютеріңізге үйлесімді USB кабелімен жалғаңыз.
2. Компьютерде контактілерді, күнтізбе жазбаларын және істерді Android телефонынан
компьютерге синхрондауға арналған синхрондау бағдарламалық құралын қолданып,
синхрондау бағдарламалық құралын элементтерді Outlook бағдарламасына синхрондауға
орнатыңыз.
© 2014 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.
19
3. Outlook бағдарламасында Microsoft Outlook Hotmail Connector көмегімен Microsoft есептік
жазбасын Outlook бағдарламасына қосыңыз. www.office.microsoft.com сайтына өтіп, "Hotmail
Connector" сөзін іздеңіз де, оны компьютерге жүктеңіз. Hotmail Connector параметрлерін реттеу
керек болуы мүмкін.
4. Қажетті мазмұнды Outlook бағдарламасынан Microsoft есептік жазбасына синхрондаңыз.
Мазмұн Microsoft есептік жазбасында пайда болғанша біршама уақыт өтуі мүмкін.
5. Жаңа телефонға мазмұн импорттау үшін Microsoft есептік жазбасына кіруіңіз керек. Телефонда
есептік жазба жасау үшін, Параметрлер > эл. пошта+есептік жазба > есептік жазба қосу
опциясын түртіп, көрсетілген нұсқауларды орындаңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін, www.windowsphone.com сайтына өтіп, Outlook контактілері мен
күнтізбесін Windows Phone телефонына синхрондау туралы жиі қойылатын сұрақтарды қарап
шығыңыз.