
Office құжаттарын Android телефонынан тасымалдау
Android телефонынан Office құжаттарын тасымалдау үшін, Microsoft есептік жазбасын және
SkyDrive сайтын қолданыңыз.
1. Android телефонын компьютерге жалғау үшін, үйлесімді USB кабелін қолданыңыз, одан кейін
сұралған жағдайда телефоныңызда Жаппай сақтау құралы тармағын таңдаңыз.
2. Файлдарды компьютеріңізге сүйреп апарыңыз. Файлдар сақталған жерді есте сақтаңыз.
3. Компьютерде www.live.com сайтына өтіп, Microsoft есептік жазбасына кіріңіз.
4. Microsoft есептік жазбасында SkyDrive тармағын таңдап, қажетті файлдарды компьютерден
SkyDrive ішіне сүйреп апарыңыз.
5. Nokia Lumia құрылғысында файлдарға қол жеткізу үшін Office > SkyDrive тармағын түртіп,
телефонда көрсетілген нұсқауларды орындаңыз.