Symbian не S40 телефонынан мазмұн тасымалдау
Symbian не S40 телефонынан Nokia Lumia құрылғысына мазмұн тасымалдау үшін Nokia Suite
бағдарламасын қолданыңыз.
Компьютерде Nokia Suite бағдарламасының соңғы нұсқасы орнатылған болуы керек. Оны
www.nokia.com/nokiasuite торабынан жүктеп алуға болады. Nokia Suite кейбір Symbian немесе
S40 телефондарына қолдау көрсетпеуі мүмкін.
Nokia Suite бағдарламасымен мазмұн тасымалдау үшін Symbian немесе S40 телефонындағы
бағдарламалық жасақтаманы жаңарту қажет болуы мүмкін.
1. Телефонды компьютерге қосу үшін үйлесімді USB кабелін пайдаланыңыз.
2. Компьютерде Nokia Suite бағдарламасын ашыңыз.
3. Nokia Lumia құрылғысына мазмұн көшіру тармағын таңдаңыз. Файлдар SkyDrive ішіне
көшіріледі.
4. Nokia Lumia құрылғысында файлдарға қол жеткізу үшін Office > SkyDrive тармағын түртіп,
телефонда көрсетілген нұсқауларды орындаңыз. SkyDrive қолданбасын Дүкен ішінен де жүктеп
алуға болады.