Nokia Lumia 1320 - Nokia Asha телефонынан мазмұн тасымалдау

background image

Nokia Asha телефонынан мазмұн тасымалдау

Nokia Asha телефонынан Nokia Lumia құрылғысына мазмұн тасымалдауды үйреніңіз.
Бұл нұсқаулар Nokia Asha платформасымен жұмыс істейтін телефондарға арналған.
Телефонға жад картасы салынып тұруы керек.
Nokia Asha құрылғысынан мыналарды тасымалдауға болады:
• Фотосуреттер
• Бейнелер

© 2014 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.

18

background image

• Өзіңіз жасаған басқа мазмұн
1. Үйлесімді USB кабелі арқылы Nokia Asha телефонын компьютерге жалғап, телефонда Жаппай

сақтау құралы опциясын таңдаңыз.

2. Компьютерде Windows Explorer сияқты файл реттегішті ашып, телефонды шолыңыз. Телефон

(және жад картасында сақталған мазмұн) компьютерде бөлек диск болып көрсетіледі.

3. Элементтерді компьютерге сүйреп апарыңыз.

4. Кабель арқылы Nokia Lumia телефонын компьютерге жалғаңыз.

5. Компьютердегі файл реттегіш көмегімен файлдарды Nokia Lumia телефонына сүйреп

апарыңыз.