Nokia Lumia 1320 - Телефонды USB зарядтағышымен зарядтау

background image

Телефонды USB зарядтағышымен зарядтау
Батареяңыз зауытта жартылай зарядталған, бірақ телефонды алғаш қоспас бұрын оны қайта

зарядтау қажет болуы мүмкін.
Телефонды зарядтау үшін міндетті түрде үйлесімді USB зарядтағышын пайдаланыңыз.

© 2014 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.

10

background image

1. Алдымен USB кабелін зарядтағышқа қосып, зарядтағышты қабырға розеткасына қосыңыз,

одан кейін кабельдің шағын USB ұшын телефонға жалғаңыз.

2. Батарея толы болғанда, алдымен зарядтағышты телефоннан, одан кейін розеткадан

ажыратыңыз.

Батареяны белгілі бір уақыт бойы зарядтаудың қажеті жоқ, сондай-ақ телефонды зарядталып

жатқанда да пайдалануға болады.
Егер батарея заряды толық біткен болса, телефонды пайдалану мүмкін болмай тұрып оны 20

минутқа дейін зарядтау қажет болуы мүмкін. Бұл жағдайда зарядау көрсеткіші көрсетілмеуі

мүмкін.

Кеңес: Қабырға розеткасын пайдалану мүмкін болмағанда, USB зарядтау тәсілін

қолдануыңызға болады. Құрылғыны зарядтау кезінде деректерді тасымалдауға болады.

USB зарядтау қуатының нәтижелілігі айтарлықтай өзгеріп, зарядтау және құрылғы жұмысы

басталуы үшін ұзақ уақыт кетуі мүмкін.
Компьютеріңіздің қосулы екенін тексеріңіз.
Алдымен USB кабелін компьютерге, одан кейін телефонға жалғаңыз. Батарея толы

болғанда, алдымен USB кабелін телефоннан, одан кейін компьютерден ажыратыңыз.

Батареяны жүздеген мәрте зарядтап, зарядсыздандыруға болады, бірақ ол ақыры тозады.

Сөйлесу және күту режимдерінің уақыты қалыпты уақыттан айтарлықтай қысқарғанда,

батареяны ауыстыру үшін құрылғыны ең жақын орналасқан қызмет көрсету орталығына

апарыңыз.