
Пернелер мен экранды құлыптау
Телефон қалтада немесе сөмкеде болған кезде байқамай қоңырау шалудың алдын алғыңыз ме?
Қуат пернесін басыңыз.
© 2014 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.
21

Пернелер мен экранның құлпын ашу
Қуат пернесін басып, құлыптау экранын жоғары қарай сүйреңіз.
Кеңес: Қуат пернесін басудың орнына қос түрту қосылған болса экранға екі рет түртуге
болады. Қос түртуді қосу үшін Параметрлер > сенсор опциясын түртіп, Телефонды
қолдану үшін екі рет түртіңіз опциясын Қосулы күйіне ауыстырыңыз.
Пернелер мен экранды автоматты түрде құлыптанатын етіп орнату
Бастау экранында солға қарай жанап өтіңіз де, Параметрлер > құлып экран > Экранның өшу
уақыты опциясын түртіп, пернелер мен экран автоматты түрде құлыптанатын мерзімді таңдаңыз.