Nokia Lumia 1320 - Жад картасын салу

background image

Жад картасын салу

Жад картасын телефонға салу жолы туралы ақпарат алыңыз.
Тек осы құрылғымен қолдану үшін мақұлданған жад карталарын қолданыңыз. Сәйкес келмейтін

карталар құрылғыға және картаға нұқсан келтіреді және ондағы деректерді жойып жіберуі

мүмкін.

Телефоныңыз 64 Гб сыйымдылықты жад карталарына қолдау көрсетеді.

Ескерім: Қақпақтарын шешпестен бұрын құрылғыны өшіріп, зарядтағышты және басқа да

құрылғыларды ажыратыңыз. Қабын ауыстыру кезінде электрондық құрам бөліктерді

ұстаудан абай болыңыз. Құрылғыны әрдайым қақпақтары орнына салынған күйде

қолданыңыз.

1. Телефонның төменгі бұрышындағы экран жақтауы мен артқы қақпақтың арасындағы жікті

саусақтың тырнағымен басыңыз. Артқы қақпақты қайырып ашыңыз да, шешіп алыңыз.

2. Байланыс аумағы төмен қарап тұрғанын тексеріп, жад картасын жад картасының ұяшығына

бекітілгенше басыңыз.

© 2014 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.

9

background image

3. Артқы қақпақтың жоғарғы шетін телефоныңыздың жоғарғы шетіне қарай басып, қақпақты

орынға түскенше басыңыз.