Nokia Lumia 1320 - Контактілерді көшіру

background image

Контактілерді көшіру
Жақын және қымбат нәрселер дереу саусағыңыздың ұшында болсын. Ескі телефоннан

контактілерді, мәтіндік хабарларды және суреттерді оңай көшіру үшін Деректерді тасымалдау

бағдарламасын пайдаланыңыз. Бағдарлама барлық телефон үлгілерімен жұмыс істемейді.

© 2014 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.

14

background image

Кеңес: Егер сізде ескілеу Windows Phone құрылғысы болса немесе Microsoft тіркелгісіндегі

контактілеріңіздің сақтық көшірмесін жасасаңыз, есептік жазбаңызды телефоныңызға

қосып, контактілерді телефоныңызға қызметтен тікелей импорттауға болады.
Кеңес: Microsoft тіркелгісін жасаған кезде контактілердің сақтық көшірмесі автоматты

түрде жасалады.
Жаңа телефонды орнату кезінде сақтық көшірілген контактілерді қалпына келтіру үшін

бірдей Microsoft тіркелгісіне кіріңіз. Одан кейін пайдалану қажет сақтық көшірмені таңдауға

болады.

Ескі телефоныңыз Bluetooth қызметін қолдауы керек. Ескі телефондағы контактілер SIM

картасында емес, телефон жадында сақталуы тиіс.
1. Ескі телефоныңызда Bluetooth функциясын қосыңыз.

2. Жаңа телефонның бастау экранында, сол жаққа жанап өтіп, Деректерді тасымалдау

опциясын түртіңіз.

3. жалғастыру опциясын түртіп, Bluetooth функциясын қосыңыз.

4. Табылған құрылғылар тізімінен ескі телефонды таңдап, екі телефонда көрсетілген

нұсқауларды орындаңыз.
Контактілер жаңа телефонда жоқ тілде жазылған болса, контакт ақпараты дұрыс көрсетілмеуі

мүмкін.