Nokia Lumia 1320 - Контактіні іздеу

background image

Контактіні іздеу
Достарыңызбен жылдам байланысу қажет пе? Барлық контактілердің үстімен жылжығанша,

контактілер тізіміндегі бір әріпті немесе таңбаны іздеуге немесе оған өтуге болады. Контактіге

қоңырау шалу немесе хабар жіберу үшін дауыстық пәрменді де пайдалануға болады.
1. Адамдар опциясын түртіңіз де, барлығы опциясына қарай жанап өтіңіз.

2. опциясын түртіп, атын жазуды бастаңыз. Жазу барысында тізім сүзіледі.

Кеңес: Маңызды контактілерді немесе контакт топтарын бастау экранына түйреңіз.

Контактіні түртіп басып тұрыңыз да, бастау ішінде бекіту опциясын түртіңіз.

Контактілер тізіміндегі әріпке немесе таңбаға өту

Сол жақтағы контактілер тізімінде кез келген әріпті түртіңіз және келесі мәзірде керекті аттың

бірінші әрпін немесе таңбасын түртіңіз. Контактілер тізіміндегі сол орынға тікелей өтесіз.
Дауыстық пәрменді пайдалану

Кез келген көріністе пернесін басып тұрып, Call немесе Text деп және контактілер атын

айтыңыз. Кейбір тілдерге қолдау жоқ.

© 2014 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.

56